Солодухин Иван Васильевич (1950)

15И.В.Солодухин – живописші, Ресей суретшілер Одағының мүшесі, педагогика ғылымдарының кандидаты. Қырғызстанның Мәскеу ауданы Садовое деген селосында дүниеге келеді.

1974 жылы Фрунзе көркемсурет училищесін, 1979 жылы Қиыр Шығыстағы өнер институтының живопись факультетін, 1985 жылы КСРО ПҒА көркемсурет тәрбиесі ҒЗИ жанындағы аспирантураны тәмамдайды.

80 жылдарда Семей педагогика институтының көркемсурет графика факультетінде оқытушы, кафедра меңгерушісі, факультет деканы лауазымында қызмет етеді. Республикалық, облыстық, қалалық сурет көрмелеріне қатысты.

1991 жылы Омбыға қоныс аударды. Омбы мемлекеттік педагогика университетінде ғылыми шығармашылық және эстетикалық жұмыстар өнері факультеті деканының орынбасары лауазымында қызмет етеді.

 

Әдебиеттер:

1.Шығыс Қазақстан облыстық Семей қаласындағы Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері мұражайы.- Семей, 2003.- 169 б.