Ертіс Тәтиев 1957 жылы мамырдың 17-де Саржал ауылында дүниеге келді. 1974 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін, сол кездегі саясаттың әмірімен қой өсірушілер комсомол-жастар бригадасында еңбек етіп, 1976-1978 жылдары әскери борышын өтегеннен кейін, Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтының көркем сурет графика факультетін 1983 жылы бітірген Саржал ауылының тұрғыны,  Ш. Тоқжігітов атындағы орта мектептің мұғалімі Ертіс Исайынұлының осындай өнерге үлес қосқан талантты шебер екендігінде дау жоқ.

1985 жылы Ұлы Отан соғысының жеңісінің 40 жылдығына арналған «Белгісіз солдат» ескерткіші, 1989 жылы Ұлы Отан соғысына арналған тағы  бір «Белгісіз солдат» ескертіші Қасқабұлақ ауылында 1998 жылы «Ауыл шежіресі», «Еңбек даңқы» аллеясын жасауда қажымай еңбек етіп, терін төге білді.

Абыралы өңірінің талантты бір туар ақыны Төлеужан Исмайловтың 60 жылдығы қарсаңында Таңат  ауылында  сол кездегі директоры Қапжаппар Рахимовтың ұсынысымен  ақынға арнап, мазар зиратты қалап шығудағы шеберлігі халық көңілінен шықты. Қазақстан мемлекеті егемендік алып, халыққа имандылық жолы қайта оралған кезде Саржал ауылындағы ауылдық кеңеске салынған ғимаратты өз қаражатына сатып алған ауыл кәсіпкері Нұрсамат Есенғарин мырза осыны халық келетін киелі орын –  Алланың үйі мешітке айналдыруды сұрады. Қазақи ою-өрнекпен өрнектелген, қабырғаларына Құран-Кәрімнен үзінділер жазған осы мешіт ғимараты әлі жұмыс істеп тұр.

1998 жылы Ақбұлақ кеңшарының басшысы Мадияр Ербалин мырзаның сол кеңшар жерінде қажы елді мекеніндегі әулие, киелі қажы сапарына екі рет барып қайтқан Сеңкібай қажыға арналған мазарды салуға осы Ертіске таңдауы түскен еді. Биікігі 9 метр, ені мен көлденеңі 5х5 метр болатын мазарды қажының бұрынғы зиратының сыртынан Ертістің ақ кірпішінен өрнектеп отырып, төменгі қабаты төрт бұрышты, орта бөлігі сегіз қырлы, үстіңгі бөлігі күмбезге  ұласқан  осы мазар халық көңілінен шықты. Сонымен қатар мазардың алдыңғы алаңынан Абыралы өңірінің 40 қажысы габра тасына ойылып жазылды. Әулие адамдарға арналған үй де тұрғызылды.

1999 жылы Қайнар елді мекеніндегі халыққа танымал емші Сақайып қажыға арналаған мазар құрлысында Ертіс үлкен шеберлігімен көзге түсті, осындағы қос күмбезді мазар  күнге шағылысып тұр. Мазар сырты Маңғыстаудың ақ тасымен өрнектелген. Мазар құрлысынан өзіндік ерекшелігі бар қас шебердің қолы екендігі даусыз көрініп тұр.

Қазір Ертіс Исайынұлы Саржал ауылындағы Ш.Тоқжігітов атындағы мектебінде еңбек инструкторы, сурет сызу пәнінің оқытушысы. Оқушылармен жасалған қазақ үйдің ағаш  макеті  көздің жауын алады. Керегелері құралып, уықтары жіппен байланған диаметрі 1метр, биіктігі 60 см. болатын макет тура негізгі қазақ үйінің кішкентай нұсқасы ,

 

Әдебиеттер:

  1. Әлімғазыұлы М. Шебердің қолы ортақ // Ертіс өңірі. – 2003. – 16 мамыр. – Б.30