Григорий Тимофеевич Шереметьев Алтай өлкесіндегі Сидоровка селосында туған. 1946 жылы Алматы сурет училищесін бітірген. 1954 жылдан бастап тағдыры Семеймен байланысты, осында 40 жылдан астам жұмыс істейді.

Қазақстан суретшілер Одағының Семейдегі тұңғыш уәкілетті өкілі бола жүріп, Шереметьев қаладағы шығармашылық ұжымдардың қалыптасуына белсенді араласты. Ол республикалық және одақтық маңызы бар көрмелерге қатысушы.1989 жылы Гурфузда Ұлы Отан соғысы ардагерлері суретшілердің көрмесіне қойылады. 1974 және 1982 жылдары Алматыда, 2002 жылы (қайтыс болғаннан кейін) Невзоровтар отбасы атындағы мұражайға жеке, мерейтойына арналған көрмелері өткізілді. Суретшінің шығармашылығы көп қырлы. Семейдің өткені мен бүгіні, осы өңірдің қайта жаңғыруын өзін үнемі баураған тақырып ретінде таңдаған Шереметьев көптеген пейзаждар, портреттер мен тақырыптық картиналарды осы өлкеге арнады.

 

Әдебиеттер:

1.Шығыс Қазақстан облыстық Семей қаласындағы Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері мұражайы. – Семей. – 2003. – Б.160