689Виктор Федорович Шмидт Семей қаласында туған. 1983 жылы Семей педагогика институтының көркемсурет графика факультетін аяқтаған соң өз шығармашылық жолын Лениногорск қаласының көркем сурет мектебінде бастады. Сол кезеңнің өзінде ақ суретшінің  жұмыстарында сүйікті шеберлерінің – А.Модильяни, П.Пикассо, М.Шагалдың ықпалы бар екені байқалды. Виктордың өз айтуынша, атқты живописьшілердің жұмыстарында жеңілдік сезімі, қиял және нәзіктікті сезу қызықтырады.

1985 жылдан 1989 жылға дейін Невзоровтар отбасы атындағы мұражайда экскурсовод болып жұмыс істеді.1989 жылдан бастап Достоевский атындағы облыстық драма театрында актер және қоюшы-суретші болып істейді. Қазіргі кезде тарихи-өлкетану және Ф.М.Достоевскийдің әдеби мұражайында суретші.

1986 жылдан бастап топтық және дербес көрмелердің қатысушысы. 2002 жылы Алматыда «Теңгрі-Ұмай» қоғамдық қоры ұйымдастырған Халықаралық арт фестивалінің дипломанты болды.

«Адамданың рухани және физикалық бастауы. Ер адам мен әйел – олардың бір біріндегі және әркімнің өз дүниесіндегі үндестігі. Туу Не және Қайда?” – осы ойды суретші картинада түсініп көрсетуге ұмтылған.

 

Әдебиеттер :

  1. Шығыс Қазақстан облыстық Семей қаласындағы Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері мұражайы. – Семей. – 2003. – Б.177
  2. Биданова А. Тайна Виктора Шмидта // Наше дело. – 2002.- 5 апреля. – с.7
  3. Павлунин В. Международный арт-фестиваль // Казахстанская правда. – 2002. – 21 сентября. – С.8