Яковлев Николай Иванович (1927-1985)

764Николай Иванович Яковлев – живописші, пейзажшы, тақырыптық полотнолар авторы. Ленинград көркемсурет академиясы жанындағы мектепте оқыған.

1942-1944 жылдарда Псков облысындағы партизандық қозғалысқа қатысады. Қызыл жұлдыз орденімен және медальдармен марапатталған. Соғыстан алған жарақаты салдарынан денсаулық жағдайына байланысты Ленинградта қала алмайды, тағдырдың еркімен Қазақстанға келеді.

1948 жылы Алматы көркемсурет училищесін тәмамдайды. 50 жылдары Семейге көшіп келеді, ол Семей педучилищесінде сабақ берді, көркемсурет қоры шеберханаларында жұмыс істеді. Қалалық, облыстық, республикалық көрмелерге қатысты.

Яковлевтің жұмыстары Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік бейнелеу өнері мұражайы қорында сақтаулы тұр. Суретшінің 70 шығармасы Ұлы отан соғысы тақырыбына арналған сериялық жұмыстары көрермендер марапатынан қызығушылық туғызады. Мұражай коллекциясында суретшінің Ертіс өңіріне арналған пейзаждары мен этюдтері кең орын алады.

 

Әдебиеттер :

  1. Шығыс Қазақстан облыстық Семей қаласындағы Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері мұражайы. – Семей. – 2003. – Б.158