Байдосов Қабден Рахманқұлұлы (1934-1997)

031934 жылы 12 қазанда қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында дүниеге келген.

Қабден Байдосов Қазақстанның еркін күрес тарихындағы айтулы тұлға. Республика балуан­дарынан шыққан бірінші КСРО спорт шебері. Ұзақ жыл еркін күрестен Қазақстан құрамасын баптаған білікті бапкер. «Күлдір-күлдір кісінетіп, күреңді мінер ме екенбіз» деген атақты жырымен бүкіл қазақтың рухын көтерген Ақтамберді жыраудың ұрпағы. Кеңес Одағы Спорт комитетінің арнайы жолдамасымен Кубаның ұлттық құрамасын жаттықтырған майталман жаттықтырушы.

1959-1997 жылдары Қазақ спорт және туризм академиясында оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі болды.

Ә. Айқанов, А. Ғапсаттаров, А, Семкин, А, Бұғыбаева, Ж. Жарқынбаев, С. Мұқашев, Р. Нұрманов, тағы басқа еркін күрес шеберлерін тәрбиелеген.

Еркін күрестен тұңғыш қазақстандық спорт шебері (1955).

Қазақстанның 6 дүркін чемпионы (1955-1960).

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1964).

1997 жылы 17 сәуірде дүниеден өткен.

Еркін күрестен Қ. Байдосов атындағы халықаралық турнир өткізіліп тұрады.

 

Әдебиеттер:

1.Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.204-205

Қабден Рахманқұлұлы Байдосов // https://kk.wikipedia.org/wiki/Қабден_Рахманқұлұлы_Байдосов

Қазақтың Қабдені// http://anatili.kazgazeta.kz