02

1994 жылы 10 ақпанда Семей қаласында туылған. Биатлоннан халықаралық деңгейде спорт шебері, 2012 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. 2011 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдегері, 7.5 шақырымдық жарыста. 2011 жылғы биатлоннан әлем жарысында күміс жүлдегер. 2010-2011 жылғы жазғы юниорлар арасындағы IBU кубогының чемпионы. 2014 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы, жастар арасында Азияның екі дүркін чемпионы, 2017 жылғы Универсиаданың екі мәрте чемпионы, Қысқы Азиаданың төрт дүркін чемпионы. 2014 жылдан Қазақстан биатлон негізгі ұлттық құрама командасының мүшесі – Сочидегі Олимпиада ойындарының қатысушысы. Жаттықтырушы – Мирсалимов Ілиясұлы Рафаэль, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Спорттық өмірді мектеп футбол командасынан бастап, жарақат алып, оқыту үзілген. 14 жасында досы шақыруымен биатлон бөліміне келді. Анасы, әжесі, және үлкен әжесінің қолында тәрбиеленген, бауыры Павел бар. Мектептегі оқу жылдары барысында көпшіл, коммуникативтік, ақкөңіл адам болып шықты. Адалдық үшін сыныптастары мен оқытушылар арасында лайықты беделге ие болды. Қазір Семей қаласындағы Шәкәрім университетінің  психология  факультетін бітірген. Қазір магистратурада оқиды. Универсиада қарсаңында немістің Оберхоф спорт кешенінде өткен Әлем кубогы жолындағы жарыста масс- стартта төртінші орын алған.

 

Әдебиеттер:

  1. Сахариев Е. Қазақтың абыройын асқақтатқан «Сары алтын қыз» Қазақстан-Zaman. – 2017. – 8 наурыз. – Б.10
  2. Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.204-208
  3. Галина Вишневская // http://www.tylek.kz/successfull