Глушкова Ксения (1990)

441990 жылы 22 тамыз күні Семей қаласында дүниеге келген.

1997-2006 жылдары Семей қаласындағы №1 мектепте оқыған.

2010 жылы Семейдегі спорт колледжін тәмамдаған.

2006 жылдан бері Астана қаласындағы штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясының спортшы-нұсқаушысы.

Көркем гимнастикамен 7 жасынан айналысады.

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақстан штаттық ұлттық құрамасының мүшесі.

2000 жылы Болгариядағы халықаралық «Золотой обруч»турниріндегі, 2004 жылы Италияда өткен көпсайыста, 2005 жылы Омбыда өткен Горенкованы еске алуға арналған халықаралық турнирде, 2004 жылы Шымкент қаласында, Алматы қаласында  өткен жасөспірімдер арасындағы көпсайыста, 2005 жылы Мәскеуде өткен ТМД мен Балтық елдерінің халықаралық турнирінде жеңімпаз және жүлдегер атанды.

2006 жылы Катардағы Азия ойындарында, Үндістандағы Азия біріншілігінде алтын медаль жеңіп алған.

Қазақстан Республикасының чемпионы.

 

Әдебиеттер:

Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.209