Жоламанов Шалқар (1979)

111980 жылы бұрынғы Семей облысының Үржар ауданында дүниеге келген.

Қазақша күрестен Азия чемпионы. Республикамыздың 2 дүркін  чемпионы.

2007 жылы Шымкентте өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды.

Сәтбаев қаласында өткен Азия чемпионатында  алтын медаль иеленді.

2010 жылы Астана қаласында қазақ күресінен өткен ІІІ әлем чемпионатындағы жеңімпаз болды.

ҚР спорт шебері. Бапкер-ұстаз.

 

Әдебиеттер:

  1. Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.214

2.     Шалқар Жоламанов: «Шығыстың балуандары шынайы батырлық көрсетті»// https://yvision.kz/