Жаһит Марат (1944)

571944 жылы 7 қарашада қазіргі Шығыс Казақстан облысының Аягөз қаласында дүниеге келген.

Мектепте шаңғымен, шахматпен шұғылданып, облыстық жарыстарда жеңімпаз, жүлдегер болды.

Алматы ауылшаруашылық институтында окыған кезінде П.Г. Терещенкодан самбо әліппесін үйреніп, 1963 жылы республикалық біріншілікте, кейін бүкілодақтық бәсекеде (Грузия, 1966) жүлделі орынға көтерілді.

Үш жыл бойы КСРО-ның студенттер құрамасына еніп, есімі әлемге танылған атақты жаттықтырушы А.А. Харлампиевтен тәлім алды.

Әскер қатарында жүргенде Беларуссия чемпионы, күміс жүлдегері болды.

Оның таланты Жамбыл (Тараз) қаласында жаттықтырушылық қызметте жүргенде жан- жақты ашылды. Ол тәрбиелеген шәкірттер Қазақстанның, КСРО-ның, Азияның, Еуропаның, дүние жүзінің чемпионаттары және кубок жолындағы жарыстарда жүлдегер болып, чемпион атанды. 20 жыл бойы Қазақстанның, 10 жыл бойы КСРО-ның құрама командасын басқарды.

Қазақстанның (1978) және КСРО-ның (1986) еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Халықтар Достығы орденімен марапатталған.

Аягөзде және Семейде М. Жаһит атындағы жүлде үшін самбошылар жарысы өткізіліп тұрады.

 

Әдебиеттер:

Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.215