Ильматов Ром Хасанұлы (1936)

57001936  жылы 26 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының Ауыл бекетінде дүниеге келген. Грек-рим күресінен спорт шебері (1959)
1957-1958 жылдары «ТР» ерікті спортшылар қоғамында шәкірт тәрбиеледі.

Семей малдәрігерлік институтының дене тәрбиесі кафедрасында жаттықтырушы-оқытушы, Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университетінің доценті болды

1975 жылы Қазақ КСР-інің, 1981 жылы КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын алды.

Атақты балуан, Олимпиада ойындарының қазақ халқынан шыққан тұңғыш чемпионы Ж. Үшкемпіровтың бапкері.

Семей қаласының Құрметті азаматы (1999).

ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері (2002).

 

Әдебиеттер:

  1. Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.218
  2. Жолымбетов Ө., Құлназаров А. Қазақстан-спортщылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009. -Б.472