Иманбаев Қали (1937)

99Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Шар өңірінде тұрады. Спортпен бала кезіне айналысқан. 1959 жылы қазақ күресінен республика чемпионы атанды.

Ұзақ уақыт еркін күреспен де шұғылданған.

1969 жылға дейін көптеген жарыстардың жеңімпазы атанды. Кейін партия қызметіне алынып, спорттан қол үзді. Араға 38 жыл салып спортқа қайта оралған Қ. Иманбаев самбо күресінен 2005 жылы Прагада өткен әлем чемпионатында 3-орын,2006 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында  4-орын, 2007 жылы Грекияның Неа-Муданья қаласында өткен әлем чемпионатындағы және 2008 жылы Белоруссиядағы әлем чемпионатында 1-орын жеңіп алды.

Ардагерлер арасында Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болды.

Жарма ауданының Құрметті азаматы.

 

Әдебиеттер:

  1. Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.219
  2. Иманбаев, Қали. Жерлестердің жеңістегі үлесі // Ертіс өңірі. – 2011. -­ 23 ақпан. -­ Б.11