9-jОқу орынның атауы: Семей қаласының «№20 ЖОББДОМ» КММ. Бітірген жылы: 1992 жыл. Андрей Владимирович Карпович – «Ордабасы» ФК жартылай қорғаушысы. Футболшы 1981 жылдың 18 қаңтар күні КСРО, Қазақ КСР, Семей қаласында дүниеге келді. Сонымен қатар, Андрей, Семей футболының тәрбиеленушісі болып табылады. Өзінің футболдағы жолын 1988 жылы «Елім-ай» ФК-на (Семипалатинск) өнер көрсетуден бастады. Одан ары Қазақстандық «Иртыш» (Павлодар), «Кайрат» (Алматы) клубтарында ойнады. 2002 – 2003 жыл аралығында ресейлік «Ростов» ФК құрамында ойнады. Сондай-ақ, 2007-2008 жылдары мәсукеулік «Динамо» ФК жейдесін киді, бірақ, негізгі құрам ойыншысы болған жоқ және 2009 жылдың ақпан айында Крапович «Динамо» клубынан, Астаналық «Локомотив» ФК – ауысып кетті. Андрей 2010 жылы «Ақтобе» ФК үшін ойнаса, сол жылдың желтоқсан айында 2 жылға келісім-шартқа отырып, «Локомотив» ФК құрамына ауысты. 2012 жылдан бері жартылай қорғаушы, «Ордабасы» ФК жейдесімен өнер көрсетуде. Сонымен қатар, 2000 жылдан бері футолшы, Қазақстан құрама командасының ойыншысы болып табылады. 2004 жылдың 8 қыркүйегі күні Андрей Қазақстан құрамасы үшін алғашқы голын соқты.

 

Әдебиеттер:

Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.220