55361976 жылдың 25 наурызында бұрынғы Семей облысы Жарма ауданының Солнечное қалашығында дүниеге келген.

Әкесі авиация полковнигі болғандықтан, қызмет бабымен қаладан-қалаға көшіп отырған. Атақты боксшының Семей жерінде дүниеге келуінің сыры осында.

1985 жылы олар Украинаға көшіп барды.

1992 жылы Бровардағы Олимпида резерві училищесін, 1966 жылы Переяслав-Хмельницкий педагогтік институтын бітірген.

Дене тәрбиесі және спорт саласында ғылым кандидаты.

Бокспен 13 жасынан бастап айналысқан. 17 жасында жасөспірімдер арасында Еуропа чемпионы атағын жеңіп алған.

Украинаның бес дүркін чемпионы.

1995 жылы Италияда өткен әскерилер арасындағы әлемдік ойындарда алтын медаль, 1966 жылы Еуропа чемпионатындағы күміс медаль иеленген.

1996 жылы  Атлантадағы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алып, осы жетістігі үшін Украинаның «Ерлігі үшін» орденімен марапатталады.

Кейін кәсіпқой бокс саласына ауысып, мұнда тамаша табыстарға жетті.

1993 – Жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының жүлдегері

1994 – Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері

1995 – Әскерилер арасында әлем чемпионы

1995 – Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері

1996 – Олимпиада чемпионы

Аймақтық титулдары

1998 – WBC нұсқасы бойынша Халықаралық әлем чемпионы нұсқасын

1999 – WBA нұсқасы бойынша Құрлықаралық чемпион

1999 – EBU нұсқасы бойынша Еуропа чемпионы

2000 – WBC нұсқасы бойынша Халықаралық әлем чемпионы

2003 – WBA нұсқасы бойынша Халықаралық әлем чемпионы

2005 – NABF нұсқасы бойынша Солтүстік Америка чемпионы

2005 – WBO NABO нұсқасы бойынша Солтүстік Америка чемпионы

Әлемдік титулдары

2000-2003 – WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы

2006 – IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы

2006 – IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы

2008 – WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы

2009 – The Ring нұсқасы бойынша әлем чемпионы

2011 Супер WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы

 

Әдебиеттер:

Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.222