325мҚаңлыбаев Ораз Мұсағалиұлы  1931 жылы 7 мамырда Семей қаласында  дүниеге келген. СШ-і (1951), ҚСШ-і (1956). Республиканың әлденеше мәрте чемпионы, әрі рекордшысы. 1953-1957 жылдардың арасындағы КСРО құрама командасының мүшесі. Қытай-КСРО (1955, Пекин), КСРО қалалары, (1956, Свердловск) қалалары матчтарының жеңімпазы 1952-1953 жылдары 1000 м. сырғанауда және көпсайыстың қорытындысы бойынша Әлемдегі 25 үздік спортшының қатарына енді, бүкілодақтық рекорд жасады.

Үлкен спортты тастаған соң жаттықтырушылық жұмыспен айналысты. 1959-1965 жылы КСРО кәсіподақтары командасының бас жаттықтырушысы, 1966-68 жылдары Улан-Баторда Моңғол Халық Республикасында мемлекеттік жаттықтырушы болып қызмет істеп бауырлас Моңғол халқының конькишілерін Гренеболдегі қысқы Олимпиадаға  дайындады. “Құрмет белгісі” орденінің иегері.

1998 жылдан бері Медеу мұз айдынында жыл сайын О. Қаңлыбаевтың мемориалы өтіп келеді.

1978 жылы  шілде айының 7 күні Алматы қаласында қайтыс болды.

 

Әдебиеттер:

Жолымбетов Ө.,Құлназаров А. Қазақстан-спортщылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009. – Б.455