01Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының  Құндызды  ауылында 1987 жылы 3-маусымда дүниеге келген.

2008 жылғы 18-20 шілде аралығында  Бішкекте (Қырғызстан) қазақ күресінен өткен Орта Азия біріншілігінің жеңімпазы.

2008 жылы 14-16 қарашада Орск қаласында (Ресей) қазақ күресінен өткен әлем чемпионатында 2-орынға ие болды.

2010 жылы Астанада Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының ұйымдастыруымен қазақ күресінен өткен әлем чемпионатында  Түйе балуан атағына ие болды.

2013 жылы “Қазақстан барысы-2013” атағын жеңіп алған Айбек Нұғымаровқа 150 мың АҚШ доллары мен «Алтын белбеу», «Тайтұйяқ» және автокөлік сый тарту етілді.

“Әлем барысының” 2-орын иегері.

Семей қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бапкер-ұстаз.

 

Әдебиеттер:

  1. Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.239
  2. Нұғымаров Айбек. Жерлестерімнің тілеуі қайратымды асырды // Дидар. – 2013. – 2 шілде
  3. Нұғымаров Айбек. Мақтанғаным емес, ешкімнен таяқ жеп, жеңілген емеспін // Өмір – ай. – 2017. – №6. – Б.7-9
  4. Нұғымаров Айбек. “Менің қазіргі наным да, кәсібім де – күрес” / А. Нұғымаров, А. Қоныс // Өмір-ай. – 2014. – №9. – Б.7-9
  5. Нұғымаров Айбек. Нұғымар атам да жас кезінде күреспен шұғылданған екен // Дидар. – 2013. – 21 маусым. – Б.8
  6. Сейіт Қуан. Айбек Нұғымаров түйе балуан атанды // Дидар. – 2016. – 29 қазан. – Б.20
  7. Әбілхан Серік. “Қазақстан барысында” қос балуанымыз жүлдегер атанды // Дидар. – 2012. – 25 қыркүйек.