876Амангелді Муатқанұлы Сейітханов 1969 жылы 11 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданында дүниеге келген. 1991-1994 жылдары «Спорт» газетінде жұмыс істеді. 1994 жылдан «Қазақстан ТРК-ның» «Тұғыр» бағдарламасының авторы және жүргізушісі, спорт бөлімі бас редакторының орынбасары. “Құмсағат” бағдарламасының спорт акпараттар продюсері. 1997 жылдан “Хабар” агенттігінде жұмыс жасайды. Футболдан “Франция-98” Азия ойындары (1999, Банкгок, Бусан, Оңтүстік Кореядан чемпионатынан, Сиднейдегі (2000), Солт-Лейк-Ситидегі (2002) Олимпиада ойындарынан хабар жүргізді. С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2000).

 

Әдебиеттер:

  1. Жолымбетов Ө., Құлназаров А. Қазақстан-спортщылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2009. – Б.636
  2. Амангелді Муатқанұлы Сейітханов// http://alashainasy.kz/omir