Кітапхана Сіздердің назарларынызға 2019 жылы Шығыс Қазақстан облысында және Семей аймағында аталып өтетін және еске алынатын күндер тізбегін ұсынамыз.
Тарих – ол халықтың жады, ол біздің рухымызды көтеріп, болашаққа жол сілтейді. Отанымыздың тарихын оқу, зерттеу, оның ішінде туған өлкеміздің тарихын, өңірімізден шыққан атақты тұлғаларды көбіміз біле бермейміз.
Сондықтан осы олқылықты Сіздердің назарларынызға ұсынылып отырған Күнтізбе толықтырады деген сенімдеміз.
1934 жылы Семей қаласында дүниеге келген. 1955 жылы Қазақ дене тәрбиесі институтын бітірген. Семей облысы Үржар ауданының Абай атындағы орта мектебінде денешынықтыру пәнінің оқытушысы болды. Жарма, Таскенкен аудандарында жұмыс істеді.
1985 жылдан Аяғөз қаласындағы аудандық спорт мектебінде директор.
Спорттың әр түрінен ауыл жеткіншектерін дайындады. Мәселен, бокстан ҚР спорт шебері Н. Төлендиевті, шаңғы жарысынан Л. Жанарованы, өзінің ұлы, даңқы балуан Д.Тұрлыхановты тәрбиеледі.
Тұрлыханов 1987 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Алматы қаласында тұрып, республикалық олимпия резерві мектебінде спортсмендерді жаттықтырды.
Елімізге еңбек сіңірген спорт жаттықтырушысын еске алу мақсатында Семей қаласында жыл сайын грек-рим күресінен турнир өткізіледі. Қала көшесінің бірі оның есімімен аталады.
ҚР спорт шебері. (1956)
Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
«Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.
Әдебиеттер: