2551911 жылдың 13 қаңтарыңда бұрынғы Семей облысының Новопокровка аулында туған. Жасынан  Семей қаласында жүк тасушы болып істеген. Айналасына орасан зор күшімен белгілі болып, той-жиындарында, мерекелерде белбеу күресіне қатысып үнемі жеңіске жетіп отырған.

1931 жылы  жас балуанды И. Поддубный байқап, өзіне шәкірт етіп алады.

Бірнеше жыл цирк аренасында өнерін көрсетеді. 1934 жылы Ростов қаласында өзінің ұстазы Поддубныйды жеңеді.

Ауыр атлетиканың ең қиын түрлері – тағаларды сындырып, шегені жүдырығымен қағады немесе бармағымен басып, тақтайға кіргізеді, жуан белтемірлерді мойнына салып иеді

Ұлы Отан соғысы кезінде цирктегі өнерін жалғастырады. Нижний Тагильде өткен чемпионаттағы жеңісінен түскен қаржысын толығымен Қорғаныс қорына аударады.

Соғыстан кейін әуеской сайыстарға да қатысады. Одақтың кіші біріншілігі есептелетін кәсіподақтардың классикалық күрес сайыстарында үш мәрте чемпион атанады.

 

Әдебиеттер:

Шығыс жұлдыздары