Адианов Борис Тимофеевич (1949)

1Адианов Борис 1949 жылы туған. Білімі жоғары, Жамбыл технологиялық институтының Семей филиалын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.

1971 жылдан бастап Семей силикат кірпіш зауытында инженер-механик, бас механик, бас инженер болып жұмыс атқарған. 1993 жылы «Силикат» акционерлік қоғамының Президенті болып сайланды.

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қалалық мәслихатының шешімімен 2006 жылы қазан айында Борис Тимофеевич Адиановке тұрғын үй құрылысына және Семей қаласының сәулет келбетін жасауға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық-саяси және қайрымдылық қызметі үшін «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

1993 жылдың наурыз айында «Силикат» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысында осы зауыттың президенті болып Адианов Борис Тимофеевич сайланды. Семейдің силикат зауыты бір жылдың ішінде нарық саудасына 110 миллион кірпіш шығарып отыратын шамаға жетті. Мұндағы өнімнің белгілі бір басым бөлігі халықаралық сапа стандартына сәйкес келеді.

 

Әдебиеттер:

1.«Семей қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы // Семей таңы. – 2006. – 26 қазан. – Б. 14

2.Төлеуов С. Жылына – 110 миллион // Ертіс өңірі. – 2005. – 26 мамыр. – Б. 4

3.Ермырза Ә. “Елдің дамуын саясат емес, экономика шешуі тиіс”// Ертіс өңірі. – 2016. – 16 наурыз. – Б. 5