Омаров Кабыш ОмаровичОмаров Қабыш Омарұлы әйгілі партизан, спорт шебері.  Ол Семей облысы (қазігі Шығыс Қазақстан облысы) Абай ауданының  Қарауыл ауылында  1919 жылы дүниеге келген.
1939 жылы орта мектепті бітірген Қабыш Ленинградтағы әскери радистер училищесін аяқтап, Шығыс Пруссия шекарасындағы қорғаныс шебінде взвод командирі міндетін қабылдап, 1941 жылы 22 маусымда майданды көреді.
Соғысқа 1941 жылғы 22 маусымда таңғы сағат 4-ге Шығыс Пруссиямен шекарада 68-нығайту ауданының 10-жеке пулемет батальонының құрамында байланыс взводының командирі қызметіне кірген.
1945 жылдың аяғында Отанына, Семей қаласына оралды.
1964 жылдан бастап 1981 жылғы қыркүйекте зейнет демалысына шыққанға дейін «Қайрат» облыстық ауылдық спорт қоғамының төрағасы болып жұмыс істеді. Фашизмге қарсы белсенді жауынгерлік іс-қимылы, ерлігі мен батырлығы үшін Францияның Жауынгерлік Крест орденімен және екі жауынгерлік медальдарымен наградталды.
Жеңістің соңғы күніне дейін оңтүстік Францияның Тулуза, Санжерон, Бусенс қалаларын неміс фашистерінен тазартып, талай партизандық операцияларды ұйымастырған «Рокер» ротасының командирі, партизандық жалған аты Малыш пен Констанк – Қабыш Францияның Даңқ Крест орденін Шарль де Гольдің қолынан алып, екі жауынгерлік медалін иеленіп елге оралады.
Қабыш туған елге оралғаннан кейін еңбек етіп, талай тергеуден, сынақтан зорға құтылып, ұзақ жылдар облыстық спорт комитетінде жауапты қызмет еткен. 1964-1981 жылдары облыстық «Қайрат» ерікті спорт қоғамының төрағасы болып абыройлы еңбек етеді. Осы мерзімде елуден артық спорт шеберін тәрбиелеп шығарады. Оның ішінде Ж.Үшкемпіров, Д.Тұрлыханов, Қ.Қосанов, М.Оразбеков, Б.Мәнкенов т.б. көптеген әлемге әйгілі қазақтың, республиканың, облыстың мақтаныштары да бар.
Бірнеше дүркін Республикалық, Бүкіл одақтық спорт комитетінің құрамына сайланып, «Кеңестер Одағының дене шынықтыру ісінің үздігі», Бүкілодақтық құрмет кітабына есімі жазылған ардагер атанды.
Қабыш Омаров Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 1-топтағы мүгедегі. Отан соғысы орденімен және 5 медальмен наградталған. Фашистік Германиямен соғыстағы Жеңістің 50 жылдығы құрметіне Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды. Дене шынықтыру және спорт жүйесіндегі ұзақ жылғы мінсіз жұмысы үшін республиканың және Одақтың медальдарымен және Құрмет Грамоталарымен наградталған, КСРО дене шынықтыру және спорт жөніндегі Комитетінің құрмет Кітабына есімі жазылған.
Ұлы Отан соғысының 1-дәрежелі Даңқ Ордені мен 12 медальдың иегері Қабыш ақсақал 2009 жылы дүние салды. Балалары мен немере-шөберелерінің арасында бақытты ғұмыр кешкен ардагердің ұрпақты түзу жолда тәрбиеледі. Оның ұлттық спорт түрлерінің өркендеуіне қосқан үлесі шексіз. Семей қаласының құрметті азаматы.

Әдебиеттер:

Башеев К. Ұлылар мекенінен ұшқан ұл еді // Ертіс өңірі. – 2009. – 27 мамыр.  Б. 7.
Кәкішев Н. Тылдағы еңбектің ерен үлгісі // Семей таңы. – 2015. – 7 сәуір. – Б. 6