Панин Михаил СеменовичМихаил Семенович Панин 1940 жылы 6 ақпанда Семей облысы, Бородулиха ауданының Камышенка селосында дүниеге келді. 1963 жылы Семейдің педагогикалық институтының биология-химия факультетін үздік бітірген соң, химия кафедрасында оқытушылық қызметке қалдырылды. Бүкіл саналы ғұмырында кафедра меңгерушісі, биология-химия факультетінің деканы, проректор және пединституттың ректоры қызметтерін атқарды.
М. Панин – биогеохимия ғылымына қалам тартқан ғалым. Ол Қазақстанның биосферасындағы ауыр металдар мен радионуклидтер саласында көп жылдан бері аянбай еңбек етіп келеді. Бүгінде 220 ғылыми жұмыстың, 4 монографияның авторы. Зерттеген материалдары 87 халықаралық, республикалық, аймақтық конференцияларда орын алды. Одан басқа жоғары мектеп мәселелеріне арналған 45 әдістемелік-ғылыми жұмыстары баспадан жарық көрді. Көп жылдар бойы М.Панин бұрынғы СССР –дің биогеохимиялық аудандастары комитетінің мүшесі болып келді.
Ғылыми жұмыстарының нәтижесі аймақтық халық шаруашлығының практикасына және университеттің оқу процесінде енгізілді. М.Паниннің басшылығымен университетте «Биогеохимия», «Экология» мамандықтары бойынша аспирантура мен магистратура ашылып тікелей жетекшілігімен кандидаттық диссертациялар қорғалды және шәкірттері ғалымның ізін басып өз жұмыстарын жалғастыруда. Өзінің көп жылдық зерттеу жұмыстарын докторлық диссертацияға ұластырып, Новосибирск қаласындағы Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесінде 1999 жылдың қараша айында зор табыспен қорғады.
М.С. Панин білім беруді ізгілендіру Халықаралық академиясының академигі, акмеологиялық ғылымдары Халықаралық Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының жаратылыс ғылымдары Академиясының академигі, Қазақстан жоғары мектебі Академиясының корреспондент – мүшесі болып сайланды.
Михаил Семенович – «Қазақ ССР– нің жоғары оқу орнына еңбегің сіңген қызметкері», Шығыс Қазақстан халқының Кіші Ассамблеясының мүшесі. Көп жылдық ғылыми-педагогикалық қызметі үшін «Құрмет» белгісі орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақ ССР – нің халық ағарту үздігі», «Қазақстан Республикасының оқу-ағарту ісінің үздігі», Білім министрлігінің т.б.
1997 жылы Семей қаласының әкімі шешімен 28 қазанда «Семей қаласының құрметті азаматы» атағына ие болды.

Әдебиеттер:

1. Есенжолов Е. Педагог, ғалым, қоғам қайраткері // Семей таңы. – 2000. – 3 ақпан. – Б. 2
2. Панин М.С. “Жұмыссыз күнімді өлі күнге санаймын»: М. Паниннің 70 жасқа толуына орай сұхбат // Ертіс өңірі. – 2010. – 3 ақпан. – Б. 12
3. Тәлтенов А. Кемелдікке жол тартқан ғұмыр // Семей таңы. – 2010. – 4 ақпан. – Б. 4; Ертіс өңірі. – 2010. – 22 желтоқсан. – Б.1.; Семей таңы. – 2012. – 22 мамыр. – Б. 2; Семей таңы. – 2013. – 11 қаңтар. – Б. 2.
4. Ізғұтдинов М. Танымал ғалым: Ғалым, Семей педагогикалық институтының бірінші проректоры М.С.Панин 65 жаста // Семей таңы. – 2005. – 11 ақпан. – Б. 12