Рамазанов Сержан Рамазанович1926 жылы Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Қапан-Бұлақ ауылында туған. Ашаршылық жылдары, отыздың басында жанұясы туыстарымен бірге Үржар ауданына көшеді.
1943 жылы мамыр айында Қазақстан комсомолының шақыруымен Әскери-соғыс теңіз флотына аттанады. Қазақстанның қамқорлығындағы қызыл тулы «Киров» крейсерінде зеңбірекші болып, жау қоршауындағы Ленинград қаласын қорғауға қатысады. Ұзақ жылдар партия-совет органдарында қызмет атқарған. Семей облыстық конфискация басқармасы бастығы, Алматы қалалық конфискация басқармасы бастығы, Семей облыстық телевидение және радио комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
1975-1988 жылға дейін Семей облыстық партия комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі болған. 1988-2003 жылға дейін Семей облыстық, қалалық мәдениет басқармасында аға инспектор қызметінде болып, руханият саласында атйарлықтай еңбек жасады.
Еліне, халқына жасаған көпжылдық адал еңбегі жауынгерлік ісі үшін «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Ленинградты қорғағаны үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» басқа да көптеген медальдармен марапатталған.
Семей қаласы әкімінің шешімімен 1999 жылы 21 қазанында «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Әдебиеттер:

1.Рамазанов С. // Сәдуақасұлы Ә. Семей өңірінің құрметті азаматтары. – Алматы, 2005. – 261 б.
2.Рамазанов С. Ұрпаққа аманат . – Алматы: Қазақстан, 1997. – 208 с.
3.Рамазанов С Потомкам завещанный подвиг – Ұрпаққа аманат. – Алматы: “Қазақстан”, 1997. – 208 с.
4.Рамазанов С. Белые ночи блокады – Ұйқысыз өткен ақтүндер. – Семей, 1999. – 127 б.