Рахметов Ержан ОразовичРахметов Ержан Оразұлы 1961 жылы 3 сәуірде Үржар ауданындағы Науалы ауылында туған. Әкесі – Рахметов Ораз-Қажы Қабдолданұлы, автомеханик, анасы – Молдабаева Нұрқия Молдабайқызы, бухгалтер болып жұмыс істеген. Алматы темір жол транспорты инженерлері институтын (1983) электрик-инженер мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік басқару академиясының қаржы және несие факультетін (2001) экономист мамандығы бойынша бітірген. Өнертабыс патенттеріне ие.
1983 жылдың тамыз айынан – 11 дабыл беру арақашықтығының Семей стансасы Ленин орденді Алматы темір жол байланысының электромеханигі. 1983 жылдың қараша айынан – Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1985 жылдың маусым айынан – «Металлист» Алматы зауытының бас энергетик, 1987 жылдың қаңтар айынан – бастығының орынбасары, 1989 жылдың қыркүйек айынан – №1 цехында бастығы.
1992 жылдың ақпан айынан – «Сонар» шағын ғылыми-өндірістік кәсіпшілігінің техникалық директоры. 1995 жылдың қыркүйек айынан – «Сонар» ЖШС Орталық Азия және Қазақстан бойынша мұнайөнімдері басқармасының бастығы. 1997 жылдың қараша айынан – «Сонар» ЖШС мұнай өнімдері басқармасының вице-президенті. 1998 жылдың қыркүйек айынан – «Сонар-мұнай-өнімдері» ЖШС директордың орынбасары, 1999 жылдың маусым айынан – бас директор. 1999 жылдың қыркүйек айынан – ҚР Парламенті Мәжілісі 2-ші шақырылымының депутаты (№16 ШҚО Абай сайлау округінен, «Отан» РСП аты нан ұысынылған), Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі. 2004 жылдан- ҚР Парламент Мәжілісі 3-ші шақырылымының депутаты, Экономикалық реформа және еңірлік даму комитетінің мүшесі.
2007 жылдан бері – ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі. «Құрмет» (2005) орденімен, «Қазақстан Республикасынын тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясының 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған. ШҚО Бесқарағай ауданының (2005), Курчатов қаласының (2007) Құрметті азаматы.
2014 жылғы 12 желтоқсандағы Семей қаласы әкімінің шешімімен Рахметов Ержан Оразұлына Семей қаласының Құрметті азаматы атағы берілді.

Әдебиеттер:

Нұрқасым Қ. Ержанның елжандылығы туралы сөз // Ертіс өңірі. – 2012. – 18 шілде. – Б. 11
Раисова К. “Семей облыс болып қайта құрылады! Мен оған сенемін” // Ертіс өңірі. – 2004. – 2 қыркүйек. – Б. 4