Сембаев Насен ИбраевичСембаев Нәсен 1933 жылы Семей облысы, Көкпекті ауылында туған. 1950 жылы Максим Горький атындағы қазақ орта мектебін бітірген. 1956 жылы Алматының зоотехникалық малдәрігерлік институтын, 1982 жылы Мәскеудегі КПСС Орталық Комитеті жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген.
Еңбек жолын Семей облысы, «Көкпекті» совхозында мамандығы бойынша зоотехник қызметінен бастап, «Үлгілі малшы» совхозының бас зоотехнигі, Көкпекті аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас зоттехнигі, Семей облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет атқарды. 1973-1976 жылдың қаңтарына дейін Семей облысы Абай аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1976-1992 жылдары Семей облыстық партия комитетінің хатшысы болып қызметтерін атқарды. Бұл жылдар Семей облысының ауыл шаруашылық саласы мейлінше дамыған жылдар болды.
Нәсен Ыбырайұлының еліне сіңірген еңбектері бағаланып, 1971 жылы «Қазақ ССР- не еңбегі сіңген зоотехник» атағы, 1998 жылы Абай ауданының құрметті азаматы, 1999 жылы 20 қазанда «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендері мен бірнеше СССР медальдарымен марапатталған. Бірнеше дүркін аудандық, Семей облыстық Советтерінің депутаты болып сайланды.

Әдебиеттер:

1. Сембаев Н. // Сәдуақасұлы Ә. Семей өңірінің құрметті азаматтары. – Алматы, 2005. – 264-265 б.
2. Сембаев Н.  Бойынан бір тылысым күш байқалатын  // Ертіс өңірі. – 2012. – 25 қаңтар. – Б. 11. 
3. Доғалақов А. Еңбегімен ел құрметіне бөленген // Семей таңы . – 2012. – 25 желтоқсан.
4. Жанғалиев Т. Хафекең мен Нәсекең // Семей таңы. – 2016. – 8 қаңтар. – Б. 8