Силин Николай НиколаевичСилин Николай 1922 жылы Семей қаласында туған. 1941 жылы Н.Силин Қызыл Армия қатарына шақырылып, Алматыдағы әскери училищеге жіберілді. Қазақстанда құрылған 8 – атқыштар дивизиясы 1942 жылғы сәуір айында Брянск майданының 13 – армиясының құрамына енгзілді.
Курск иінінде болған шайқас кезінде дивизия біздің армиямыздың оң жақ қанатында қорғанып, Орел-Курск темір жолының бойындағы маңызды учаскелердің біріне тосқауыл жасап тұрды. Ұрыстарда көрсеткен ерліктері мен табандылықтары үшін дивизияның 400 – ден астам солдаты мен офицері ордендермен және медальдармен наградталды. Наградталғандардың ішінде 151- ші атқыштар полкінің рота командирі аға лейтенант Силин де бар еді.
1943 жылы қыркүйекте 151 – полктегі капитан Н.Силиннің 1 – батальоны қолда бар қажет құрал жабдықтарымен өзеннен алдымен өтіп шықты да, плацдармды басып алды. Біздің жауынгерлерімізді Днепрге тоғыту үшін жау барлық айла-шарғысын жасап бақты. Фашистер зеңбіректері мен минометтерінен оқты қарша боратты. Осындай қиын қыстау кезеңдерде капитан Силиннің батальоны көп шығынға ұшырады. Батальон гитлершілердің қарсы атакасының бәрін де тойтарып, жауға бір қадам да жер бермеді.
Днепрдің оң жағалауында берік бекініп алған батальон дивизияның өзеннен өтуін қамтамасыз етті. Подполковник Н.Н. Силин 1946 жылдан запаста. Семей қаласында тұрды. Автокөлік техникумын бітірген. Облыстық автожөндеу шеберханасының директоры, кейін метиз-фурнитура заводында бас механик болды. Қоғамдық жұмысқа белсенді қатысты. 1999 жылы 30 қазанда қайтыс болды. Семей қаласында жерленген.
Қазақстан Республикасы, полковник (1955). Семей қаласының Құрметті азаматы (06.09.1995, қала жастарын интернационализм мен адамгершілікке тәрбиелеуге сіңірген еңбегі үшін).
Ленин ордені (16.10.1943), Қызыл Жұлдыз (12.10.1944), Александр Невский (3.10.1943), 1-дәрежелі Отан соғысы (11.03.1985), Қызыл Жұлдыз (26.02.1943) орденьдерімен, медальдармен, соның ішінде “За боевые заслуги” (25.07.1942) медалімен марапатталды.
1995 жылдың 6 қыркүйегінде Семей қаласы әкімінің шешімімен Семей қаласының Құрметті азаматы атағы берілді.

Әдебиеттер:

1. Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Б. 699
2. Шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары: Фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. – Б. 229.
3. Н.Н.Силин // Семей таңы.- 1999.- 4 қараша. – 3 б.
4. Семейліктер Ұлы Отан соғысы жылдарында: Библиографиялық құрал. – Семей, 2015. – 59-60 б