Шерин Иван АфанасьевичШерин Иван Афанасьевич 1923 жылы туған. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Взвод командирі, Сталинград түбінде, Орлов-Курск иінінде артиллериялық барлау бастығы болды. Сондай-ақ, Белоруссияны, Украинаны, Польшаны азат етуге қатысты. Соғысты «Катюшамен» Берлиндегі Рейчстагты атқылаумен аяқтады. Екі рет контузия, екі рет жаралы болды.
Алматы арнаулы сауда мектебін бітіргеннен кейін Семей облыстық сауда басқармасының Калинин бөлімшесінде экномист, Комбикорм зауытында жоспарлау бөлімінің бастығы, өндірістік-көліктік бөлім меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі, облыстық сауда басқармасының бастығы, «Алтай Алтын» комбинатының азық-түлікпен қамтамасыз ету бастығы болып қызмет атқарды. Қалалық Соғыс ардагерлері Кеңесінің төрағасы, облыстық Соғыс, Еңбек және Қарушы күштер ардагерлері Кеңесінің төрағасының орынбасары болды. Қалалық Кеңес төрағасы Ф.Г. Пересыпкинмен бірге Әскери Даңк мұрайын ашуға ұйытқы болды.
«Қызыл Жұлдыз», «II дәрежелі Ұлы Отан соғысы», «I дәрежелі Ұлы Отан соғысы», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет Белгісі», «И.В. Сталин» ордендерінің иегері.
«Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген жастар тәлімгері», екі мәрте Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қызметкер.
1999 жылы 20 қазанда Шерин Иван Афанасьевичке Семей қаласының құрметті азаматы атағы берілді.

Әдебиеттер:

Сәдуақасұлы Ә. Семей қаласының құрметті азаматтары. – Алматы: Арқас, 2005. – 274-276 б.