Ахмеров Габдулгазиз Гайнутдинович (1925)

44Семей қаласының Құрметті азаматы Габдулгазиз Ахмеров 1925 жылы 11 шілдеде Семей қаласында жұмысшы отбасында туған. Ұлты-татар. Білімі-жоғары. Еңбек жолын 1942 жылы «Пимокат» артелінде бастаған.

1942 жылы өз еркімен майданға сұранып кеткен. 1941-1945 жылдар аралығында Суворов орденді 114- гвардиялық Қызылтулы Вена әуе-десант дивизиясы құрамында, Венгрия, Австрия, Чехословакия территрорияларын фашистерден азат етуге қатысқан. Әуе-десант қарулы күштерінің Құрметті ардагері. Совет Армиясы қатарынан босаған соң 1950 жылы Г.Г. Ахмеров ІІБ –да қызмет істеген. 1954-1961 жылдары облыстық комитет аппаратында инструктор, облисполкомда ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1973 жылдан Киров аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. Соңғы қызметінде алты шақырымға сайланып, 1985 жылы зейнеткерлікке кеткенше қызмет етті. Ахмеров басшылық жасаған жылдары Киров ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жақсы табыстарға жетті. Аудан бірнеше мәрте социалистік жарыс жеңімпазы болып, ауыспалы қызыл туға ие болды. Зейнеткерлікке шыға салысымен облисполкомда референт, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған КСРО Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, армия генералы В.Н. Лобовтың көмекшісі қызметін атқарды.

1992 жылы наурыз айында Жоғарғы Кеңес таратылды да депутат өкілеттігі тоқтатылды. 50 жылдай еңбек еткен Г.Ахмеров өзінің еңбек жолын 67 жасында тоқтатты. Зейнеткерлікке шыққанмен қоғамдық жұмыстарға белсене араласуда. Қалалық ардагерлер кеңесі Пленумының, облыстық ардагерлер кеңесі тексеру комиссиясының, Қазақстан халқы ассамблеясының әкімшіліктегі ақсақалдар алқасының мүшесі.
Ұзақ жылғы еңбегі мен қала дамуына қосқан үлесін, саяси-қоғамдық еңбек жолын ескере келе Г.Г. Ахмеровке 2000 жылы «Семей қаласының Құрметті азаматы» деген атақ берілді. Әскери марапаттары: ІІ-дәрежелі Отан соғысы ордені, «За отвагу», «Медаль за боевые заслуги», «Медаль за взятие Вены». Еңбектегі марапаттары: «Құрмет белгісі», «Құрмет» ордені, «За трудовую доблесть», «За трудовое отличие», «Ерен еңбегі үшін» медальдары. Әуе-десант қарулы күштерінің ардагері ретінде Жеңіс солдаттарының ерлігі мен батырлығын жастар арасында насихаттауда.

Әдебиеттер:

1. Құсайын М. Сен құрметте оны… // Семей таңы. – 2015. – 7 мамыр. – Б. 2
2. Нұрланқызы А. Соғыс ардагері – “Құрметті азамат” // Ертіс өңірі. – 2015. – 8
шілде. – Б. 3
3. Ел ырысын еселегендер қандай құрметке де лайық // Ертіс өңірі. – 2016. – 14
желтоқсан. – Б. 1,7