2Губанова Нина Яковлевна 1930 жылы туған. 1949 жылы Мәскеу тігін техникумын тігін өндірісінің техник-технологы мамандығы бойынша бітіріп, Семей қаласындағы жеңіл өнеркәсіп техникумы жанындағы кәсіптік мектебіне өндірістік оқыту инструкторы болып бағытталды.

Өндірістік оқыту инструкторы, өндірістік бөлімнің бастығы, бас инженер, Володарское тігін фабрикасының директоры болып қызмет атқарды.

Үш мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің «Мақтау қағазымен» марапатталды. Еңбек ардагері.

Қазақстан коммунистік партиясының 20-шы съезіне делегат, қалалық халық депуттары Кеңесіне бірнеше мәрте сайланды. Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер. 2000 жылы 7 қаңтарда Семей қала әкімінің шешімімен «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Әдебиеттер:

Сәдуақасұлы Ә. Семей қаласының құрметті азаматтары. – Алматы: Арқас, 2005. – 225 б.