3245Еременко Анатолий Семенович 1931 жылы туған. Білімі жоғары – Алматы мемлекеттік зооветеринарлық институтын зоотехник мамандығы бойынша бітірген.

Бас зоотехник, Первомайское МТС-і директорының мал шаруашылығы жөніндегі орынбасары, Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы инспекциясының бас зоотехнигі, «Долонский» құс кеңшарының өндіріс жөніндегі директорының орынбасары – бас зоотехник, «Семиярский» кеңшарының директоры, ауыл шаруашылығы өндірісі басқармасының бастығы, Бесқарағай аудандық Халық депутаттары кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, Аякөз аудандық Халық депутаттары кеңесінің төрағасы, Қазақтан коммунистік партиясы Бородулиха аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Семей облыстық Халық депутаттары кеңесінің төрағасы, Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ зардаптарын жою комитетінде Семей қаласы бойынша әлеуметтік сұрақтар бөлімінде қызмет атқарған.

1995 жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

1996 жылы Семей облыстық соғыс, еңбек және қарулы күштер ардагерлері Кеңесінің төрағасы болып және Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласы бойынша Кеңесінің төрағасы болып сайланды.

1997 жылдан бастап Семей қаласының соғыс, еңбек және Қарулы күштер ардагерлері Кеңесінің төрағасының бірінші орынбасары. «Қазан революциясы», «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Мақтау белгісі» ордендерімен, Қазақстан Республикасының «II-дәрежелі Достық» орденімен марапатталған. «Ерен еңбегі үшін», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» және одан басқа тоғыз мерейтойлық медальдардың иегері. Екі мәрте Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің, екі мәрте Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мақтау қағаздарымен» марапатталған.

Семей қаласының, Бородулиха және Бесқарағай аудандарының құрметті азаматы.

Әдебиеттер:

Еременко А. Ардагерлер ұйымына – 10 жыл // Семей таңы. – 1997. – 28 қаңтар.
Сәдуақасұлы Ә. Семей қаласының құрметті азаматтары. – Алматы: Арқас, 2005. – 226-227 б.