Мусин Роллан МусиновичМусин Роллан Мұсаұлы – Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақ КСП-нің Еңбегі сіңген мұғалімі, Қазақстан Республикасының үздік қаржыгері, Семей қаласының Құрметті азаматы. Роллан Мусин 1922 жылы 10 ақпанда Семей облысы, Абыралы ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген. 1939 жылы Семей геологиялық-барлау техникумын, 1941 жылы Киев геологиялық-барлау техникумын, 1942 жылы Кемеров атындағы жаяу әскери училищені бітіреді, 1944 жылы Семей педагогикалық институтында білім алады.
Еңбек жолын 1941-1942 жылы – Батыс Сібір геолог басқармасының геолог-барлаушысы қызметінен бастаған. Воронеж, Сталинград майдандарында рота командирі дәрежесінде соғысқа қатысқан. Экономист, аудандық тұтынушылар одағының есепшісі, білім бөлімінің инспекторы, Қайнар орта мектебінің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі, 1944-1961 жылдары – Семей облысы, Шар ауданының Абай орта мектебінің директоры; 1961-1966 жылдары Семей облысы, Шар, Жарма аудандарының аудандық партия комитетінің хатшысы; 1966-1969 жылдары Семей облкомитетінің партия нұсқаушысы; 1969-1985 жылдары Семей қаржы экономикалық техникумының директоры қызметтерін атқарды. Семей қаласының Ардагерлер кеңесінің аудандық және қалалық кеңестерінің төрағасы қызметтерін атқарған.
«Құрмет» орденінің иегері, Ұлы Отан соғысы I дәрежелі орденімен марапатталған, «Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі», «КСРО Қаржы қызметінің үздігі», «Қазақ КСР халыққа білім беру ісінің үздігі» атақтарын алған. 2002 жылы 23 қазанда Роллан Мұсаұлына «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Әдебиеттер:

1. Мусин Роллан Мұсаұлы // Ертіс өңірінің қаржыгерлері. – Семей: Интеллект, 2012. – 174-175 б.
2. Сәдуақасұлы Ә. Семей өңірінің құрметті азаматтары. – Алматы: Арқас, 2005. – 248 б.
***
3. Еркінұлы Р. Ардагер аты ардақталды // Семей таңы. – 2011. – 16 ақпан. – Б. 11
4. Ер есімі – ел есінде: ұлы Жеңістің 67 жылдығына // Семей таңы. – 2012. – 8 мамыр. – Б. 5.
5. Мағжан А. Ұлағатты ұстаздың есімі ұлықталды // Ертіс өңірі. – 2017. – 10 мамыр. – Б. 8
6. Молдағалиұлы Т. Абыралыдан ұшқан ақиық: Семей қаласының Құрметті азаматы Роллан Мусин жайында // Семей таңы. – 2011. – 13 желтоқсан. – Б. 7
7. Омаш А. Қоғам қайраткерлерінің құрметіне орталық ашылды // Ертіс өңірі . – 2016. – 17 ақпан. – Б. 13
8. Түсіпбеков Т. Жаны жайсаң жан өмірден озды // Семей таңы. – 2010. – 22 желтоқсан. – Б. 11