Замковая Галина ИльиничнаЗамковая Галина Ильинична 1938 жылы 26 ақпанда Семей қаласында туған. 1945 жылы №6 орта мектептің 1 сыныбының табылдырығын аттады. 1955 жылы осы мектептің 10 сыныбын аяқтады. Семей қаласындағы педгогикалық институттың тарих-әдебиет факультетін тәмамдады. 1960 жылдан бастап №6 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет етті. 1976 жылы – Қазақ ССР Ағарту ісінің үздігі. 1982 жылы – аға оқытушы атағы
1985 жыл – «Еңбек Қызыл Ту» орденінің Кавалері
1986 жыл – мұғалім-әдіскер.
1987 жыл – Қазақ ССР Еңбегі сіңген ұстаз, 1989 жыл – «Еңбек ардагері» медалі, 1999 жылы 20 қазанда «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Әдебиеттер:

Сәдуақасұлы Ә. Семей қаласының құрметті азаматтары. – Алматы: Арқас, 2005. – 230-231 б.