Исмагулов ЖаксылыкИсмағұлов Жақсылық 1934 жылы 23 наурызда Семей облысы, Аягөз ауданы, Таңсық ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Қазақ мемлекеттік институтына түсіп, инженер-гидротехник мамандығы бойынша бітіріп шығады.
1969-1979 жылдар аралағында Облыстық мелиорация және су шаруашылығы бастығы қызметтерін атқарады. 1978-1985 жылдар аралағында Мақаншы ауданының райком партиясының бірінші хатшысы болды.
Семей өңірін зерттеуде, мыңдаған гектер егін мен мен жайылымдықты суландыруда, жаңадан су көздерін табуда айырықша көзге түсіп, асқан білгірлікті көрсетті. Бүкіл облыстың әлеуметтік жағдайы мен экономикасын суландыру, жаңа техникаларды өндіріске енгізу, елді мекнедерде су құбырларын жүргізу арқылы дамытуға үлкен үлес қосып, батыл қадам жасады. Ол Ертіс суын ауыздықтау, облыстағы өзен, бастауларды Балқаш Алакөлмен жалғастыру сияқты талай аса құнды жобаларды ұсынды.
Аягөз ауданының құрметті азаматы. «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы 1999 жылы 20 қазанда қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғамдық-саяси қызметіне көп жылдар бойы қосқан ерен еңбегі үшін берілді.

Әдебиеттер:

Бекбосын О. Су ағасы – Жақсылық. – Новосибирск, 2002. – 157 б.
Бекбосынов О. Өрісі кең өрелі істер жемісі // Семей таңы.- 2002. – 5 сәуір. – 10 б.
Исмағұлов Ж. // Сәдуақасұлы Ә. Семей өңірінің құрметті азаматтары.- Алматы, 2005. – 234 б.