Курмангалиев Фазыл КурмангалиевичҚұрманғалиев Фазыл Құрманғалиұлы 1934 жылы туған. Білімі жоғары. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын, Мәскеу қаласының А.А. Вишневский атындағы институттың ординатурасын бітірген.
Склифосовский атындағы «Жедел жәрдем» институтында дәрігер-хирург, Семей мемлекеттік медицина институтының госпитальдік хирургия ассистенті, Семей қаласындағы облыстық клиникалық ауруханасының госпитальдік хирургия кафедрасының ассистенті болып профессор М.Д. Арслановтың қарамағында, торокальді хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, Семей облысының бас хирургі қызметтерін атқарған.
Хирургия доценті, Денсаулық сақтау саласында сіңірген еңбегі үшін – Денсаулық сақтау Үздігі атақтары берілген.
1999 жылы Семей қаласы әкімінің шешімімен «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Әдебиеттер:

Сәдуақасұлы Ә. Семей қаласының Құрметті азаматтары. – Алматы: Арқас, 2005. – 242-244 б.