Унесьянов Мағауия 1925 жылы 19 қаңтарда Семей облысы, Жарма ауданы, Қапанбұлақ ауылында дүниеге келген.
Әке-шешесі ерте кайтыс болып туған ауылындағы ағайын-туғандардың колында, интернатта тұрып 1939 жылы 7 класты бітіріп сол жылы Сергиопольдегі педучилищеге түскен. Соғыс басталуына байланысты екі курстан кейін теміржолда стрелочник, станция кезекшісі болып жұмыс істеген. 1943 жылғы қаңтарда Армия қатарына алынып Қиыр Шығыс округінде қызмет еткен.
1945 жылы 9 тамызда Жапониямен ашық соғыс басталғанда 15 Армияның кұрамында соғысқа қатысып Изянмусы, Харбин қалаларын алуға катысқан. Кейіннен бұл армияның бір бөлімі Владивостокта, Сахалинде, Курильдегі Итурум аралына орналасып, отанның шығыстан әуе корғанысын атқару қызметінде болған. Армия катарында 7 жыл қызмет атқарып бөлімше, взвод командирі, батареяда, дивизияда парторг болып капитан дәрежесімен елге оралған, қазір полковник шенінде. 1949 жылы елге оралып бейбіт еңбек жолын Жарма аудандык «Социалистік еңбек» газетінің жауапты хатшылығынан бастаған.
1950 жылы Жарма аудандык партия комитетінің нұсқаушысы болып, ауылшаруашылық бөлімін басқарған. Сол жылдарда республика бойынша кұрылған 13 машина жер суландыру станциясының біреуі Георгиевка селосында орналасқан еді, соның бастығының саяси жұмыс жөніндегі орынбасары болып тағайыңдалған.
Ол станция Жарма, Шар, Көкпекті, Аягөз, Шұбартау, Үржар аудандарында егін суаратын арықтар қазып, су қоймаларын жасап, көлдетіп жер суландыру жүйелерін жасады.
Мағауия Унесьянов сол ауданда екінші хатшы болып қызмет істеп 1956 жылы Алматы жоғары партия мектебіне түсіп 1960 жылы үздік бітіріп, кызыл диплом алып және Талғардағы селхоз техникумды да қоса бітіріп Көкпекті аудандык кеңес төрағасының орынбасары болып, бірнеше айдан кейін аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, 1965 жылдан бірінші хатшы болып осы ауданда он жыл жұмыс істеген.
Сол жылдарда Мағауия Унесьяновтың басшылығы кезінде аудан сан дүркін облыстық, республикалық социалистік жарыстардың жеңімпазы атанды. Мәдениет саласында халық театры атағына ие болды.
1970 жылы Аягөз аудандык партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Осы қызметті жеті жыл атқарды. Бұл ауданда да жемісті еңбек атқарды.
Сол жылдарда Қазақстан Компартиясының ХІII съезіне делегат болып қатынасып, Орталык комитетке Пленум мүшесі болып 1970-1975жылдар қызмет аткарды.
Ал 1976 жылы Совет Одағы Коммунистік партиясының XXV съезіне делегат болып сайланып, Москвада съездер сарайында, Кремльде съезд жұмысына қатынасты.
1977 жылдан бастап отыз жыл бойына кәсіподактары облыстык кеңесінің төрағасы, облыстық партия комитетінің бюро мүшесі болып қызмет атқарды.
Осы жылдарда Мағауия Унесьянов Бүкілодақтык кәсіподақ съездіне екі рет делегат болып сайланған. Сол 16 және 17 съездерінде ВЦПС-тың (Бүкілодақтық кәсіподақгық орталық кеңесі) мүшесі болып сайланған. М. Унесьяновтың ұзак жылдардағы атқарған еңбектері жоғары бағаланып екі дүркін «Октябрь революциясы» орденімен, екі дүркін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Кұрмет белгісі» орденімен, «Отан соғысы» орденімен және 15 медальдармен, екі дүркін Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Әдебиеттер:

Сәдуақасұлы Ә. Семей қаласының Құрметті азаматтары. – Алматы: Арқас, 2005. – 273-274 б.