Шабыт клубының мақсаты:

Әрбір жас оқырманның шығармашылыққа деген құштарлығын, кітапқа деген қызығушылығын  және мәдени сауаттылығын арттыру арқылы прозаға, поэзияға қалам тербеп жүрген балалардың талаптарын ұштау, жас ұрпақтың өзін өзі тану, ғибратты ғұмыр кешуге деген талпынысын, өмірдің мән-мағынасын түсіну бағытында іс-шаралар ұйымдастыру.

Клубтың басты міндеттері:

–    Жас ұрпақтың шығармашылық мүмкіндіктерін ояту;

–    қазақ әдебиеті ақын-жазушыларының шығармашылығы туралы білімді насихаттау;

– жас талаптың рухани сұранысын барынша қанағаттандыру;

– жасөспірімдердің жан-жақты жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету;
–  шығармашыл жеткіншектерге барынша қолдау көрсету;

–  Жастардың  мәдени қызығушылықтарын жүзеге асыру үшін жағдай жасау, өздерін жан-жақты жетілдіру үшін клуб жұмыстарына тарту.

– клуб мүшелерінің кітапхананың ақпараттық-көпшілік жұмыстарына белсенділігін арттыру.

 

Клуб жетекшісі:  Чушекова Жанар Меллатовна

Оқу залы

Электронды пошта: biblioabay.ch@yandex.ru