Ержан Жұмабек – ақын, мемлекеттік «Серпер» жастар сыйлығының иегері, докторант

n41987 жылы бұрынғы Семей облысы Аякөз қаласында дүниеге келген. 2004 жылы ШҚО Үржар ауданы Үржар ауылындағы Абай атындағы орта мектеп-лицейін тәмамдаған. Ал 2004-2008 жылдары ШҚО Семей қаласы, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті «филология» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын үздік бітірген.

2008-2010 жж. ШҚО Семей қаласы, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті «филология» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша ғылым магистрі атанды. 2016 ж. бастап Түркия Республикасындағы Өмер Халисдемир университетінің докторанты.

Өлең жазуды мектеп қабырғасынан бастаған. 2004 жылдан бері жазба өлеңдері  жергілікті «Семей таңы», «Ертіс өңірі» және  республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде жарияланып келеді. 2005 жылы жоғарғы оқулар арасында Семей қаласы бойыншы өткен «Жігіт сұлтаны» байқауында бас жүлдемен бірге «Семей серісі» атағын ұтып алды. 2005 жылы Семейде өткен қалалық «Наурыз нақыштары» атты жас ақындар айтысында 3-орын, 2006 жылы 2-орын иемденді. 2005-2006 екі жыл қатарынан қыркүйек айында тіл мерекесіне арналған Оралхан Бөкей атындағы мәнерлеп оқу шеберлігінің қалалық байқауында 2-орынды жеңіп алды.

2006 жылы М.О.Әуезов атындағы Семей университеті шығарған «Өсер өркен» жинағына бір топ өлеңдері енді. 2006, 2007, 2008 жылдары Қазақстан ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде өткен «Қазақстан чемпионаты», «Аламан» айтыстарының жүлдегері. 2012 жылы Мәдениет және ақпарат министірлігінің қолдауымен «Шексіздік шұғыласы» атты жыр жинағы жарық көрді. 2015 жылы «Мереке» баспасынан жарық көрген Қазақ поэзиясының 10 томдық «Жыр маржаны» атты антологиясына өлеңдері енді. 2015 жылы Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығын иеленді.

Еңбек жолын 2008-2009 жылдары «Радио-7» радиосында музыкалық жүргізуші болып бастады. 2009-2011 жылдары Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде,  2011-2012 жылдары Семей мемлекеттік медицина университетінің қазақ және латын кафедрасында оқытушы болып қызмет етсе, 2012-2013 жылдары «Қазақстан Семей» телеарнасының жүргізуші-редакторы болды.

2017 жылы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Түркия Республикасындағы Medeniyetin Burçları ұйымының қолдауымен Ыстамбұл қаласы Ezgi баспасынан «Sonsuzluk Şûlesi» атты кітабы түрік тілінде басылып шықты.

Әдебиеттер: 

Жұмабеков Е. Қыз – ана: [өлең]  // Семей таңы. – 2009. – 5 наурыз. – Б. 9

Жұмабеков Е. Әсет пен Кемпірбайдың айтысы хақында // Семей таңы. – 2010. – 23 қыркүйек. – Б. 3

Жұмабек Еркін, Қуаныш. Біздің жетістіктеріміздің бастауында халық ауыз әдебиеті тұр: [“100 жаңа есім” жобасына енген сегіз қырлы, бір сырлы, ағайынды Еркін мен Қуаныш Жұмабектер туралы.] / Сұхбат. Ж. Мұратқали // Дидар. – 2017. – 28 желтоқсан. – Б. 12-13.

Қасымжанұлы С. Сөз қадірі өз бағаңнан биікте (ақын Е.Жұмабектің “Шекіздік шұғыласы” кітабына  сын мақала)  // Семей таңы. – 2013. – 14 мамыр. – Б. 5

  Интернет ресурс:

Ержан Жұмабек: Қазақстанның 100 жаңа есімі // http://100esim.el.kz/kz

Ержан Жұмабек: Қиялыма түйреуіш тағып қойдым // http://akjunis.kz/?p=2537

Ержан Жұмабек. Ақын, «Серпер» мемлекеттік сыйлығының лауреаты // http://buqara.kz/?p=5347

Ержан Жұмабектің өлеңдері түрік тілінде кітап боп шықты // http://qabylan.kz/A_news/2017-12-15/983.html

Ержан Жұмабек. Жас толқын – жыл келгендей жаңалық // http://abai.kz/post/15318