Сергей Лукашенко

n6Сергей Николаевич Лукашенко – физик,  Ұлттық ядролық орталық бас директорының радиоэкология жөніндегі орынбасары, ҚР «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының директоры.

Сергей Лукашенко Тюмень облысының шағындау ғана Ишим қаласында дүниеге келген. Анасы медбике, әкесі слесарь болып еңбек еткен отбасында тәрбиеленген Сережаның ғылымға деген ықыласы бастауыш сыныптан басталды.

Мектепті алтын медальмен бітіріп, Ленинград технологиялық институтының «Рационалды химия» мамандығының инженерлік физика-химиялық факультетін 1986 жылы тәмамдаған. Сол жылы Қаз.КСР Ғылым Академиясының Ядролық физика институтына (ЯФИ) жолдама алды және  радиоактивтік изотоптар (РИЗ) зертханасына жұмысқа орналасады.  1997 жылға дейін зертханашы, одан кейін кіші ғылыми қызметкер болып еңбек етті. 1995 жылы Австрияның Зайберсдорф қаласындағы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (МАГАТЭ) зертханаларында 2 ай тағылымдамадан өтеді.

2006 жылдан бері МАГАТЭ М. Эль-Барадей бас директоры жанындағы ядролық технологияны қолдану саласында консультациялар агенттік қызметін көрсету бойынша МАГАТЭ бас директорына кеңес беру мақсатында халықаралық тұрақты жұмыс істейтін «Ядролық қолданысқа кеңес беруші топтың» мүшесі. Аталмыш сараптау тобына әлемнің әр түкпірінен жиналған 20 сарапшы қатысады. С.Н.Лукашенко Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен сайланған жалғыз сарапшы.

Бұл кездерде негізгі ғылыми қызығушылық салалары: радионуклидті және элементтік талдау әдістерін әзірлеу, оның ішінде жоғары жиіліктегі индуктивті-байламалы плазмамен (АЭС ЖИБП бастап) атомды-эмиссиялық талдау әдісін пайдалану.  Ол осы кезеңде “Yvon Jobin” JY 70p  фирмасының  мүлдем жаңа  озық  аппаратурасын  меңгерді және сол уақытта дәлдік пен сезімталдық жөнінде рекордтық сипаттамалары бар,  Қазақстан үшін жаңа ғылым АЭС ЖИБП-дан бастап  элементтік талдау әдісін іс жүзінде енгізді. ЛАРИ-ның мамандарымен ынтымақтастықта АЭС ЖИБП-дан бастап  әдісін биологиялық маталарға, органикалық қазбаларға, радиофармацевтикалық препараттар және т. б. сияқтыларға қолданудың бірқатар талдау әдістемелері әзірленді.

Ядролық физика институтында жұмыс істеп жүрген кезінде бірнеше ғылыми зерттеулер жүргізіп, ашқан жаңалығының нәтижесінде Қазақстан Респкбликасының екі патентіне ие болды, ғылыми зерттеулері бойынша алты мақала жарияланды.

1997 жылы С.Н.Лукашенко ядролық физика институтының қолданбалы ядролық физика бөлімінің (ҚЯФБ) басшысы болып,  2006 жылға дейін сол жерде қызмет етті.

Аталмыш зертхананы құру радиоэкология саласындағы ЯФИ зерттеуін түбегейлі жаңа деңгейіне көтеруге мүмкіндік берді. Зертханада радионуклидтік және элементтік талдаудың сұйық цинтилляциялық спектрометрия, индуктивті-байланысқан плазмамен масс-спектрометрия және т.б. сияқты жаңа әдістері қойылды.  Зертхананы құру нәтижесінде ЯФИ орындаған радиоаналитикалық жұмыстар көлемі көбейді. Бұл, бір жағынан, жұмыс түрлерін, зерттеу объектілері мен анықталған изотоптарды анағұрлым кеңейтуге, екінші жағынан, алынған ақпараттың сапасын жақсартуға септігін тигізді. Оның жетекшілігімен алғаш рет қоршаған ортадағы трития зерттеу жұмыстары циклі өткізілді. Трития есептеуі радиациялық-қауіпті объектілер ретіндегі бұрынғы ССП және реакторлық қондырғыларды бағалау кезіндегі халықтың дозалық жүктемелерін есепке алуда зор маңыздылығын танытты.

С.Н.Лукашенконың тікелей қатысуымен Қазақстанның түрлі аймақтарында ЯФИ филиалдары құрылды: Курчатов зертханасы  (Курчатов қ., Шығыс-Қазақстан обл.), ЯФИ-ның Ақсай филиалы (Ақсай қ., Батыс-Қазақстан обл.), Ақтау қаласындағы ЯФИ өкілдігі. Бұлардың негізгі қызмет саласы ретінде радиоэкологиялық зерттеу.

2006 жылы Ұлттық ядролық орталығының (ҚР ҰЯО) радиоэкология бойынша бас директордың орынбасары лауазымына тағайындалды, сондай-ақ радиациялық қауіпсіздік және экология Институты (РҚЭИ) басшылығы міндетін де жауапкершілікпен атқаруда.

Бұл күндері Сергей Лукашенко институттағы жас мамандарға кәсіби біліктілігі мен өмірлік тәжірибесін үйретіп, қолдап, көмектесіп жүрген тәлімгер ұстаз. Еліміздің ядролық энергетика саласында жетістіктерге жетуі, жаңа белестерді бағындыруы кейінгі толқын жас мамандардың қолында. Осы орайда ол институт мамандарының ағылшын курстарында оқып, білімдерін жетілдіруіне ерекше көңіл бөліп, тәжірибе жинатқызып келеді. Институттағы мамандар Қазақстанда өздерінің ғылыми әуелетін дамытуға үлкен мүмкіндік барын жақсы түсінеді.

Әдебиеттер:

Гуляева Е. Тың салаға түрен салған ғалым: 100 жаңа есім // Дидар. – 2018. – 4 қаңтар. – 8 б.

Интернет ресурс:

Сергей Лукашенко: Қазақстанның 100 жаңа есімі // http://100esim.el.kz/kz/bio/sergei_lukashenko