54Виктор Николаевич Кашляк 1951 жылы 29 шілде айында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавловск қаласында туған. Білімі жоғары. Жас кезінен бастап, Ертіс өңірінің Семей тарихымен әуестенген. Мәскеу, Омск, Алматы, Семей қалаларының мұрағаттарында зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 70-тен астам тарихи тақырыптағы мақалалар жазды. Ол мақалалары Қазақстан Республикасы ғылыми мерзімді басылымдар бетінде жарық көрді.

2003 жылы Омск, Тюмень, Тобольск мұрағаттарындағы «Семей қаласындағы діни құрылыстарының тарихы» тақырыбындағы құжаттармен жұмыс істеді. Қала тарихы туралы ауқымды материалдар жинақтады. Алғашқы мақаласы 1965 жылы 21 февральдағы жергілікті «Иртыш» газетінде «Өлкетану материалдарын жинақтайық» деген атпен жарық көрген. Виктор Николаевич XVIII-XIX ғасырлар аралығын қызыға зерттеген.

1998 жылы И.Г.Андреевтің «Қырғыз -қайсақтардың Орта жүз жазбалары» (1998) атты кітабын құрастыруға қатысқан. «Менің қаламның тарихы» сериясы аясында Семей қаласына қатысты түрлі тарихи тақырыптарда бірнеше кітаптары баспадан шықты.  1999 жылы автордың «Семей көшелерінің шежіресі» атты кітабы шықты.  1999 жылы Семей қаласындағы  «А.Гумбольдтың Ресейдегі жүріп өткен жолдары» атты экспедицияның жол көрсетушісі болды. Осы тақырып бойынша дайындаған мақаласы Қазақстан Республикасы ғылыми жинақтардың бірінде жарық көрді. 2001 жылы фотосуретші В.Павлунин және дизайнер И.Рябухинмен бірлесе отырып, «Семей» атты мерекелік открыткалар жинағын шығарды, сол жылы «Семейдегі Воскресенск Соборы» атты буклет баспадан шықты.

2002 жылы қала тарихына арналған «Семей. Үш ғасыр тарихы» атты өзінің мақалалар жинағын басып шығарды. 2004 жылы «Семей храмдары: өткені мен бүгіні», 2007 жылы «Семипалатинск: от бургомистра до Акима», 2008 жылы «Печать Семипалатинска 1863-1963 г.г», 2010 жылы «Семипалатинские арабески» кітабының 2 томдығы жарыққа шықты.

Әдебиеттер:

  1. Кашляк В. Летопись Семипалатинских улиц. – Семипалатинск, – 108 с.
  2. Кашляк В. Н. Семипалатинск. Три века истории. – Новосибирск, – 371 с.
  3. Кашляк В. Семипалатинск: их именами названы. – Семипалатинск, 2006. – 355 с.
  4. Кашляк В. Семипалатинские арабески: В 2-х томах. Т.1. – Семей, 2010. – 524 с.
  5. Кашляк В. Н. Семипалатинские арабески: В 2-х томах. Т.2. – Семей, 2011. – 496

с.

  1. Кашляк В. Н. Семипалатинское купечество: Плещеевы. – Семей, 2013. – 290 с.
  2. Кашляк В. Н. Печать Семипалатинска 1863-1963 г.г. – Семей, 2008. – 400 с.
  3. Кашляк В. Н. Семипалатинск: от бургомистра до акима. – Семей, 2007. – 400 с.

 

***

  1. Құсайын М. Өлкетанушының құрметіне тақта орнатылды  // Семей таңы. – 2014. – 10 маусым. – Б. 1
  2. Путин алғыс жолдады: Ресей президенті В.Путин семейлік тарихшы-өлкетанушы Виктор Кашлякқа хат жолдап, оның “Храмы Семипалатинска прошлое и настоящее” деген кітабына пікірін білдірді // Ертіс өңірі. – 2005. – 9 маусым. – Б. 2