1962 жылы 12 желтоқсанда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан), Жаңасемей (қазіргі Бородулиха) ауданы, Петропавловка селосында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, «Казахстанская правда» ұжымшарында еңбек етеді. 1981 жылы 7 сәуірде КСРО Қарулы Күштерінің қатарына ЖаңаСемей аудандық әскери комиссариатынан шақырылған. Қатардағы жауынгер, өздігінен жүретін артиллериялық қондырғының механик-жүргізушісі болды. 1981 жылдың маусым айынан Кеңес әскерінің Ауғанстандағы шектеулі контингенті құрамында болды.1982 жылы 8 наурызда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Петропавловка ауылында жерленген. Осы ауылда көше аты берілген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009.-27 б.
Шығыс Қазақстанның Ауғанстан жерінде қаза тапқан интернационалист-жауынгерлері (Семей облысы 1997 жылға дейінгі шекарада) // http://www.vkoem.kz/index.php