2

1958 жылы  5 ақпанда Семей  (қазіргі Шығыс Қазақстан ) облысы Үржар ауданында , Текебұлақ ауылында дүниеге келген. Сержант, мотоатқыштар бөлімінің командирі. Әскерге алынғанға дейін Денешынықтыру техникумын бітірген. «Үржар» кеңшарының  мектебінде  мұғалім болып жұмыс істеді. ҚСРО  Қарулы Күштері қатарына  Үржар ауданы  әскери комиссариатынан  шақырылған. 1980 жылы мамыр айынан  Кеңес  әскерінің  ауғанстандағы шектеулі контингенті құрамында  болды. 1980 жылы 17 қыркүйекте  Шынқорық  елді мекенінің  маңында  биіктікті иелену  жөніндегі  әскери  тапсырманы орындау кезінде  оның бөлімі тосқауылға түседі.  Бірақ  Малдаш Орынбайұлы  сауатты да, білікті басқарады, соның арқасында  жауынгерлер қоршаудан  аман-есен шықты.  Бұл ұрыста  ол ауыр жарақаттанып, қаза тапты. Ерлігі мен қайсарлығы үшін Қызыл жұлдыз орденімен марапатталды. (қаза тапқаннан кейін). Туған ауылында жерленген.

Әдебиеттер: 

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 29 б.