1963  жылы 18 наурызда  Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан ) облысы, Аягөз ауданында, Таскескен ауылында дүниеге келген. Кіші сержант, взод командирінің орынбасары. Әскерге алынғанға дейін «Комсомольский» кеңшарында жұмыс істеген. КСРО Қарулы  Күштері қатарында Алматы облысы, Іле ауданында  әскери комиссариатынан шақырылған.  Кеңес әскерінің Ауғанстандағы шектеулі  контингенті құрамында болды. 1983 жылы 2 сәуірде болған шайқаста қаза тапты. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және Қызыл жұлдыз орденімен  марапатталды. Алматы облысы, Іле ауданы, КазЦИК ауылында жерленген.

Әдебиеттер: 

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 30 б.