1

1961 жылы Семей облысының Мақаншы ауылында дүниеге келген.

Әскерге алынғанға дейін Алматы техникалық техникумын бітірген. 1979 жылы 9  маусымда КСРО Қарулы Күштері қатарына Қаскелен ауданында  әскери комиссариатынан шақырылған.1979 жылы желтоқсан айынан  Кеңес әскерінің Ауғанстандағы  шектеулі контингенті құрамында болады. Мотоатқыштар ротасының құрамында бірнеше  рет жауынгерлік операцияларға қатысқан.

1979 жылы Жамбыл қаласындағы оқу бөлімшесіне, содан кейін қызмет ету үшін Ауғанстанға жіберілген. Гранатомет нысанашы-атқышы. 1981 жылы 3 мамырда Кабул түбіндегі Хусенхейль елді мекенінде болған ұрыста қаза тапқан.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін). Туған ауыылнда жерленген.

                                    Әдебиеттер: 

Шығыс Қазақстанның Ауғанстан жерінде қаза тапқан интернационалист-жауынгерлері (Семей облысы 1997 жылға дейінгі шекарада) // http://www.vkoem.kz/index.php

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – Б.46