1963 жылы 19 наурызда Көкпекті ауданы, Миролюбовка ауылында дүниеге келген. Қатардағы барлаушы – пулеметші. Әскерге алынғанға дейін «Самар» кеңшарында жұмыс істеген. КСРО Қарулы Күштері қатарына Самар аудандық әскер комиссариатынан шақырылған. 1981 жылы желтоқсан айынан Кеңес әскерінің ауғанстандағы шектеулі контингенті құрамында әскери борышын өтеді. 1983 жылы 22 ақпанда барлаушылар тобы қарсыластарының өршеленген шабуылын тойтарып , оларды шегінуге мәжбүр етті.
Қызыл жұлдыз орденімен марапатталды. Туған жерінде жерленген. Ауылында көше есімі берілген.
Әдебиеттер:
Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС,2009.-47 б.