2 1963 жылы 12 ақпанда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Бесқарағай ауданы, Малая Владимировка селосында дүниеге келген. Мектепті аяқтаған соң, «Балапан» кеңшарында жүргізуші болып жұмыс істейді. 1981 жылы 6 сәуірде Бесқарағай аудандық әскери комиссариатымен КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1981 жылы маусым айында Ауғанстанға жіберіледі.
1982 жылы 13 ақпанда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Малая Владимировка селосында жерленген. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

Әдебиеттер:

1. Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 113 б.
2. Шығыс Қазақстанның Ауғанстан жерінде қаза тапқан интернационалист-жауынгерлері (Семей облысы 1997 жылға дейінгі шекарада)// http://www.vkoem.kz/index.php