4456

1959 жылы 28 тамызда Алтай өңірі, Рубцовск қаласында дүниеге келген. Семей қаласындағы №38 орта мектепте білім алады. «Путьрем-9» комсомол трестінде жұмыс істейді.

1978 жылы 10 қарашада Семей қаласындағы Калинин аудандық әскери комиссариатымен КСРО Қарулы  Күштері қатарына шақырылады.

1980 жылы қаңтар айында Ауғанстанға жіберіледі.

1980 жылы 8 маусымда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты.  Семей қаласында жерленген. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

Әдебиеттер:

 1.Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып.-Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 147 б.

2.Шығыс Қазақстанның Ауғанстан жерінде қаза тапқан интернационалист-жауынгерлері (Семей облысы 1997 жылға дейінгі шекарада)// http://www.vkoem.kz/index.php