28

1965 жылы 9 мамырда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Бородулиха ауданы, Мурзово селосында дүниеге келген. Бесқарағай ауданы, Долонь селосында тракторшы болып еңбек етеді.

1983 жылы 16 мамырда Бесқарағай аудандық әскери комиссариатымен   КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады. 1984 жылы наурыз айында Ауғанстанға жіберіледі.  1984 жылы 20 сәуірде жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты.  Долонь селосында жерленген. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

                                                                  Әдебиеттер: 

1.Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 147 б.

2.Шығыс Қазақстанның Ауғанстан жерінде қаза тапқан интернационалист

жауынгерлері (Семей облысы 1997 жылға дейінгі шекарада)// http://www.vkoem.kz/index.php