Безымянный

1962 жылы 30 маусымда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Жаңасемей (қазіргі Бородулиха) ауданы, Шақаман ауылында дүниеге келген. «Шақаман» аудандық мамандандырылған шаруашылық бірлестігінде еңбек етеді.

1981 жылы 7 сәуірде Жаңасемей аудандық әскери комиссариатымен КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.  1981 жылы шілде айында Ауғанстанға жіберіледі.

1981 жылы 15 тамызда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты.

Шақаман ауылында жерленген.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

                                                        Әдебиеттер: 

1.Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС,  2009. – 169 б.

2.Шығыс Қазақстанның Ауғанстан жерінде қаза тапқан интернационалист-жауынгерлері (Семей облысы 1997 жы