1969 жылы ШҚО облысы, Семей қаласында дүниеге келген. Қызылорда қаласындағы №5 орта мектепті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1988-89 жылдары Кеңес әскерінің Ауғанстандағы шектеулі контингенті құрамында Парван уәлаятында 180-мотоатқыштар полкінде бөлімше командирі қызметін атқарды.
Ауған соғысының ардагері, запастағы аға сержант. Қазіргі уақытта ауған соғысы ардагерлері « Қазақстан ардагерлер» қауымдастығы төрағасының орынбасары, Алматы қаласының, №32 сайлау округі бойынша мәслихат депутаты. Қызыл жұлдыз, «Құрмет» және Ресей Федерациясының «Ерлігі үшін», «Парыз және абырой» ордендерімен, «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.
Әдебиеттер:
Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС,2009.-77 б.