012

1958 жылы Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Жарма ауданы, Шар қаласында туған. Ауған соғысының ардагері, әскери қайраткер, запастағы генарал-майор.1982 жылы КСРО  Қарулы Күштері  Шекарашылар училищесін бітірген. 1983 жылы Кеңес әскерінің Ауғанстандағы шектеулі контингенті құрамында болды. Онда 2-мотоманеврлік  топтың (2 ММГ) гранат-атқыштар  взводының командирі қызметін атқарды. Ауғанстаннан елге оралғаннан кейін де қызметін шекара әскері құрамында жалғастырды.

ҚР МҚК «Батыс» шекара өңірлік  басқармасының бастығы. Ауған соғысы ардагерлері «Қазақстан ардагерлері» қауымтастығы жұмысына белсене  қатыса отырып, отанға берілгендік пен қазақстандық  патриотизмді  дамытуға өзінің шынайы үлесін қосып  келеді. 2 дәрежелі «Айбын» ордені, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» және «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медальдарымен марапатталған. 

                                                             Әдебиеттер тізімі:

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 188 б.